03:50 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
ХҚКО

eGov.kz және ХҚКО-да тіркеу қызметтері уақытша атқарылмайды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Техникалық ақаудың салдарынан eGov.kz және ХҚКО-да азаматтарды тіркеу бойынша қызмет көрсетулерді жүзеге асыру уақытша мүмкін емес

АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Техникалық ақауға байланысты 24 сағат ішінде "Жылжымайтын мүлік регистрі" мемлекеттік деректер базасында жоспардан тыс жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікке қатысты қызмет көрсетулерді жүзеге асыру мүмкін емес, оның ішінде жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу, мекенжайы бойынша тіркелу, жылжымайтын мүліктің бар-жоғын айқындайтын анықтама беру деп хабарлайды eGov.kz "электронды үкімет" порталы.

"Аталған қызмет көрсетулер eGov.kz  элеткронды порталы арқылы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде жүзеге асырылмайды. Қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз және халықтан бұл жайтқа түсіністікпен қарауды өтінеміз", — делінген электронды үкіметтің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы атап өткендей, техникалық ақау Астана уақыты бойынша 8:00-де орын алған. 

Басты тақырыптар