03:55 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Синий кит

Қасымов "Синий кит" ойнының балалар психикасына қалай әсер ететіні туралы сөз қозғады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
"Синий кит" немесе Өлім топтары (8)
94 0 0

Қазақстандық полицейлердің "өлім топтарымен" күресуіндегі басты кедергісі – ғаламтор көздері иелерінің Қазақстан шекарасынан тысқары аумақта болуы

АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов "өлім топтарының" балалар психикасына қалай әсер ететіні туралы айтып берді.

Синий кит
© Sputnik / страница одной из групп в Instagram

Дүйсенбі күні мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген сөзінде министр атап өткендей, ведомство "өлім топтарын" іздеу үшін ғаламторда мониторинг жүргізеді. Ата-аналар, мұғалімдер мен туған-туыстар тарапынан министрлікке хабарлар келіп түсуде, барлық деректер бойынша шаралар атқарылып жатыр. Мәселенің қиындығы – бұл ғаламтор көздерінің Қазақстан аумағынан тысқары орналасуында. Мәселен, "Вконтакте" Ресейде, Facebook пен Instargam АҚШ-та.

"Бұл жерде бір шешім бар: қазақстандық қолданушылардың барлық дерегін Қазақстан аумағында ұстауға немесе Қазақстанда қазақстандық провайдерлер арқылы жұмыс істеуге заң жүзінде міндеттеуіміз керек. Әйтпесе, қазір әрбір дерек бойынша прокуратура арқылы сұрату жіберіледі. Сұрату жеткенше… заңнама әртүрлі болғандықтан, осы сұратуларды орындау ұзақ уақытты алады", — деді Қасымов мәжілістегі үкімет сағатында.

"Мұндай топтардың балалар психикасына ықпал ететіндігі де түсінікті, себебі бұл ойындар оларды қызықтырады. Елу күн беріліп, бала әр күні бір тапсырма орындауы тиіс. Мәселен, 18-ші күні 4.20-да оян, ең биік ғимараттың төбесіне шығып тұр дейді. 19-шы күні ең үлкен көпірге бар. 21-ші күні ең үлкен кранға бар. 28-ші күні кит екеніңді айтып, ант бер дейді. Содан соң 39-49 күндер аралығында сағат 4.20-да оянып, қорқынышты фильмдер көруді ұсынады. Ал, 50-ші күні өз-өзіңе қол жұмса, асылып қал немесе биіктен секіріп кет деп жазады", — дейді ІІМ басшысы. 

Тақырып:
"Синий кит" немесе Өлім топтары (8)

Басты тақырыптар