21:07 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Әуежайда

Шекарадан өткізуге болатын жеке заттардың тізімі қысқартылды

© Sputnik / Сергей Мальгавко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
13 0 0

Қазақстанда кедендік одақтың аумағына өткізуге рұқсат етілген жеке заттардың тізіміне өзгертулер енгізілді

АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өткізуге болатын жеке заттардың тізімі реттелді деп хабарлайды Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті.

Департамент хабарлағандай, ҚР қаржы министрінің 2015 жылы 31 наурыздағы "Жеке тұлғалардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларын жеке пайдаланатын тауарларға жатқызу критерийлерін бекіту туралы" бұйрығына өзгертулер енгізілді.

Өзгертулерге сәйкес, жеке пайдаланатын заттардың саны төмендегі көрсеткіштерден аспауы тиіс:

  • Теріден жасалған бұйым (бас киім) – бір адамға бір өлшем, атау және үлгідегі 1 зат;
  • Ұялы телефон – бір адамға 2 дана;
  • Планшет – бір адамға 2 дана;
  • Өзімен бірге алып жүретін компьютер (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 дана;
  • Зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 зат;
  • Велосипед – бір адамға 1 дана;
  • Балалар арбасы – бір адамға 1 дана. 

Бұл көрсеткіштер бұрын пайдаланылған тауарларға қатысты қолданылмайды (жеке пайдалануға арналған көліктік құралды қоспағанда). 

Басты тақырыптар