03:56 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Фемида

Жібек Мусинаны зорлағандардың үкімі өзгертілген жоқ

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
9 0 0

Есіктегі зорлау қылмысы үшін сотталғандардың туған-туыстары апелляциялық соттың шешімінен соң шу шығарды

АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Сот Есік қаласының тұрғыны Жібек Мусинаны зорлағаны үшін сотталған төрт азаматқа қатысты бірінші инстанция сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды. 

22 мен 29 жас аралығындағы төрт жас жігіт топ болып әйел адамды зорлағаны үшін айыпты деп танылды. 2006 жылы 28 қарашада сот оларды сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандықтарынан айырды.

Бірінші инстанция үкіміне шағым түсіру бойынша сот отырысы басталғанға дейін сотталғандардың туған-туыстары үкімнің өзгертілетініне үміт білдірді. 

"Біз әділ төрелік үшін келдік, соған үміт артамыз. Бірінші сот ескермеген барлық айғақтар ескеріледі деп сенеміз. Сараптама да, айғақ та болған емес. Зорлау дерегі дәлелденбеді. Бәрі Жібек Мусинаның құр сөзіне сүйеніп отыр. Зорлауды дәлелдейтін дене жарақаттары болмаған. Сот медициналық сараптама да мұны дәйектеді", — деді сотталған Ербол және Алмаз Ермековтердің әпкесі Диана Амантаева тілшілерге.  

Сот шешімі жарияланғаннан соң сотталғандардың отбасы шу шығарды. Олар сот ғимаратының жанында тұрып, судья Советхан Сәкеновтің түсініктеме беруін талап етті.

Басты тақырыптар