Қоғам

Депутаттар полицияға қарсылық үшін салынатын 11 млн теңге айыппұлға наразы

© Photo : mvd.gov.kzЖол полициясы
Жол полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егер адам айыппұл төлемесе, бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 15 ақп – Sputnik. Билік өкіліне қарсылық үшін айыппұл 5 мың АЕК (11 миллион теңгеден астам) дейін ұлғайды – бұл норма құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша заң жобасы аясында қарастырылған. Заң жобасын ҚР Мәжілісінің отырысында Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель оқыды.

Бұл нормаға депутаттар наразы болып, бірқатар сұрақтар туындады.

Тиын - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк БЖЗҚ монополиясын жоюға уәде берді

"Айыппұлдың күрт  өсіп кетуіне және оның жасаған іске сай келмеуіне не себеп? Және айыппұлды көрсетілген мерзімде өтемесе азаматқа қандай жаза қолданылмақ? Жұмыс топтарында депутаттар бұл түзетуге түбегейлі қарсы болған", — деді депутат Айзада Құрманова.

Жауап ретінде бас прокурордың орынбасары депутаттың сұрағымен келісетінін айтып, "норманы ІІМ құрастырды" деп хабарлады және адам айыппұлды төлей алмайтын болса, оның орнына бас бостандығынан айырылады, 4 АЕК – 1 күн болып есептелінеді деп түсіндірді. 

ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов бұл айыппұлдың антитеррорлық операциялар барысында азаматтар билік өкілдеріне бағынбаған жағдайда салынатынын ескертті.

Жаңалықтар
0