21:14 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Аула тазалаушылар

Астана тұрғыны терезеден қоқыс лақтырғаны үшін жазаланды

© Sputnik / Солтан Жексенбеков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Қоқыс төгуге ерінген елордалыққа 20 мың теңгеден астам айыппұл салынды

АСТАНА, 15 ақп – Sputnik. Астана тұрғыны балконнан қоқыс лақтырғаны үшін жауапқа тартылды деп хабарлайды қалалық жергілікті полиция қызметі.

Ведомство мәлімдегендей, Бөкейхан көшесі бойындағы №35 үй тұрғындарының  бірі жоғарғы қабаттан үнемі қоқыс лақтырылатынын туралы айтып полицияға шағымданған.

Полицейлер пәтерлерді аралап, қоқысты лақтырған бесінші қабатта тұратын тұрғындардың бірі 1988 жылы туылған К. есімді азамат екенін анытады. 29 жастағы ер адам өз әрекетін далаға шығуға еріндім деп түсіндірді.

Жалқауға 22 мың 690 теңге көлемінде, яғни 10 АЕК айыппұл салынды. 

Басты тақырыптар