03:49 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Портфель

ҚР еңбек және денсаулық сақтау министрліктерінің жауапты хатшылары тағайындалды

© Sputnik / Алексей Дружинин
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
18 0 0

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бөлінуіне байланысты қаңтардан бастап Қазақстанда екі жаңа министрлік пайда болды

АСТАНА, 15 ақп — Sputnik. ҚР денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне жауапты хатшылар тағайындалды деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Болат Тұрғанұлы Төкежанов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

2017 жылы қаңтарда ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі денсаулық сақтау, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне бөлінген болатын. 

Басты тақырыптар