03:54 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Құдық

Астанада тиісті емес жерлерге лас төккен ассенизаторларға айыппұл салынуда

© Sputnik / Еркен Салихов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2 0 0

Астанада химиялық тұрмыстық қалдықтар мен ластардың тиісті емес жерлерге төгілмеуі қатаң түрде қадағаланады

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Тиісті емес жерлерге лас төккені үшін ассенизаторлық көлік жүргізушілеріне айыппұл салынуда деп хабарлайды Астана қаласы жергілікті полиция қызметі.

Құқық қорғаушылардың мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың басынан бері 13 ассенизаторлық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 442 мың 455 теңге айыппұл салынған.

Мәселен, 14 ақпан күні табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Үркер шағын ауданында 1988 жылы туылған жүргізушіні ұстады, ол "ҚазМұнайГаз" және "Sinooil"  жанармай бекеттерінің арасына лас төккен екен.

Ер адамға 20 АЕК көлемінде, яғни 45 мың 380 теңге айыппұл салынды. 

Басты тақырыптар