21:12 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Мүгедек жан

Қазақстанда мүгедек жандар ауылдық мәдениет үйіне ғана емін-еркін бара алады

© Sputnik / Алексей Куденко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы мүгедек жандардың әр түрлі нысандарға қол жетімділігі туралы көңіл толмайтын деректер ұсынды

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Бір ғана нысан мүмкіндігі шектеулі жаңдардың барлық санатына толығымен қол жетімді деп хабарлады ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова. 

"Өңірлер бойынша бүгінгі таңда барлық санатарға Павлодар облысындағы бір ғана нысан қол жетімді – ауылдық округтің бір қабатты мәдениет үйі. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Мен де, сіздер сияқты оның өзгермегенін қалар едім", — деді Жақыпова.

Азаматтарға қолайлы болу үшін барлық нысандар "Доступная среда" порталында көрсетілген. Интерактивті картада мүгедектерге бейімделген барлық қалалар мен нысандар енгізіліпті. Әрбір нысан туралы толық ақпарат алуға болады. 

Картаға сәйкес, бейімдеуге болатын нысандардың жалпы саны ішінде 90%-дан астамы ШҚО, Ақмола, Алматы және Павлодар облыстарында бейімделген. Бейімдеудің ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау облысында – 347 нысанның 97-сі ғана. Ал, Астанада 309 нысанның 132-сі ғана бейімделген.

Вице-министрдің айтуынша, бейімдеуге әкімшілік қана емес, кәсіпкерлер де жауапты.

"Азаматтық бастама қоғам тарапынан жүз пайыз жүзеге асуы тиіс, сонда ғана халық болып бір нәтижеге жетеміз", — дейді вице-министр. 

Басты тақырыптар