03:52 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Кісен

Ауғанстан іздеудегі алаяқ директорды ҚР-на экстрадициялады

© AP Photo / Moises Castillo
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5 0 0

Кәсіпкер Ақтауда 11 адамды алдап, ірі көлемде қаражат иемденгені үшін іздеуде болған

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Ауғанстан клиенттерді 80 миллион теңгеге алдап кеткен ақтаулық компания директорын Қазақстанға экстрадициялады деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ауғанстан Ислам Республикасының құзыретті органдары Қазақстан Бас прокуратурасының қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ш. азаматын ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды.

Прокуратура мәліметінше, ол 2014-2015 жылдары Ақтау қаласында ЖШС-лардың бірінің директоры бола тұра, алдау мен сенімді теріс пайдалану арқылы 11 жәбірленушінің 80 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын ұрлаған. Ол жәбірленушілермен жаңа автокөліктер жеткізілімі туралы келісімдер жасасқан және алдын ала төлем алып, Қазақстаннан кетіп қалған.

Директор 2015 жылдан бастап Маңғыстау облыстық ІІД-мен іздеуде болған және нәтижесінде Ауғанстан аумағында құқық қорғау органдарымен ұсталған.

Жұма күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен ол Қазақстанға экстрадицияланып, Алматы қаласы бойынша уақытша ұстау мекемесіне жіберілген.

Басты тақырыптар