03:55 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Наурыз

Павлодар облысы әкімі Наурыз мейрамын сәуірде тойлауды ұсынды

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз (13)
19 0 0

Наурыз мейрамын сәуір айында тойлау идеясын Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов ұсынды

АСТАНА, 19 ақп — Sputnik. Павлодар облысы басшысы Болат Бақауов көктемгі күн теңелу мерекесі – Наурыз мейрамын 22 наурызда емес, сәуір айында тойлауды ұсынды.

"Зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында былтырғы жылы осы мейрамды сәуір айында өткізуді ұсынған едім, өйткені 22 наурызда біздің өңірде қысқы ауа райы сақталады, — деді Болат Бақауов халыққа есеп беру жиналысында. – Меніңше, сәуір айы келгенде, өткізетін орынды белгілеп, мерекені бәріміз бірге тойлағанымыз жөн".

Өңір басшысының айтуынша, "бұз әзірше ұсыныс қана".

"Егер халық қолдаса, осы бағатты жұмыс істейтін боламыз", — деді әкім.

Әлеуметтік желілерде Бақауовтың ұсынысы қызу талқылануда. Қолданушылардың көпшілігі мереке уақытын ауыстыруға болмайды десе, баз біреулер бұл идеяны қолдап жатыр. 

Тақырып:
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз (13)

Басты тақырыптар