20:57 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Балалар

Қазақстандағы барлық балабақша кезектері біріктіріледі

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
8 0 0

Білім және ғылым министрі балабақшадағы орындарды бөлудегі жемқорлықпен күресу амалдары туралы сөз қозғады

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балабақшадағы орындарды бөлудегі жемқорлықпен биліктің қалай күресетіндігін айтып берді.

"Балабақшаға кезекке тұруды реттеп, жемқорлыққа жол беретін мүмкіндіктерді жою керек. Ол үшін республика бойынша барлық кезектерді біріктіріп, балаларды балабақшаларға бөлуді электронды үкімет деңгейінде автоматтандыру қажет", — деді Сағадиев мәжілістегі үкімет сағатында. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әр түрлі облыстар мен қалаларда балабақша кезектерімен әкімшіліктер айналысады.

"Негізінде "Балапан" бойынша бүкіл қаражатты балабақшаның ақысы ретінде ата-аналарға беру керек. Яғни, ЖОО-на грант берген секілді, ата-аналарына ұсынылуы тиіс. Сол кезде олар ең үздік ұйымдарды таңдап, мемлекеттік тапсырыс та сол бойынша жасалады. Балабақшаның мемлекеттік немесе жеке меншік болуы маңызды емес", — дейді министр.

Сағадиев бұл мақсаттардың орындалуы оңай емес екендігін мойындағанымен, бір жылда қол жеткізуге болады деді. 

Басты тақырыптар