Қоғам

Асқар Достияров "Бәйтерек" холдингі "еншілесін" басқарады

© Photo : НУХ "Байтерек"Аскар Достияров
Аскар Достияров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асқар Достияровтың "Бәйтерек" холдингі компаниялар тобында жұмыс істеп жүргеніне төрт жыл болды

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының шешімімен Асқар Достияров "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды холдинг баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Достияровтың шетелдік инвесторларды тартуын қоса алғанда, қаржы саласындағы 16 жылдық жұмыс өтілі бар.  

Ляззат Ибрагимова - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін" Ләззат Ибрагимова басқарады

"Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі" АҚ компаниясының тобында Асқар Достияров 2013 жылдан қызмет етуде. "Қазақстанның даму банкі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, "Бәйтерек" холдингі Басқармасының мүшесі – Басқарушы директор лауазымдарын атқарған. 

Асқар Достияров әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті, School of Business, the George Washington University (MBA) оқу орындарын аяқтаған.

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы – тікелей инвестициялар қорының қоры. Қазақстанда privat equity тиімді нарығын дамыту және активтерді басқарудың үздік әлемдік практикасын енгізу мақсатында құрылған.  

Жаңалықтар
0