21:11 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
жедел жәрдем

Алматы облысында екі жеткіншек иіс тиіп көз жұмды

© Sputnik / Ирина Семибратова
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

Пеш жылуың ақаулығынан отбасы мүшелеріне иіс тиіп, үлкен екі балалары қаза тапты

АСТАНА, 20 ақп – Sputnik. Алматы облысында бес жаннан тұратын отбасына иіс тиді, екеуі қаза ауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дерек 19 ақпан күні Панфилов ауданы Нағарашы ауылында тіркелді, онда жер үйлердің бірінде 14 жастағы ұл бала мен 10 жастағы қыздың жансыз денелері табылған. Отағасы зайыбы және емізулі сәбиімен бірге Жаркент қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. 

"Алдын ала болжам бойынша, адамдар пештің ауқаулығынан тұншықтырғыш газға уланған", — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев. 

Жыл басынан бері өңірде тоғыз адам тұншықтырғыш газға қатты уланып жансақтау бөліміне түсті. Олардың үшеуі қаза тапты. Көбіне мұндай жағдай пештің ақаулығы немесе дұрыс пайдаланбаудан орын алады. 


Басты тақырыптар