Қоғам

Астанада 1-4 сынып оқушылары сабақтан босатылды

© Sputnik / Табылды КадырбековОқушылар
Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа температурасы 25 градус аяз болып, желдің екпіні 2 м/с-тан асып кетсе, бастауыш сынып оқушылар сабақтан босатылады

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Астана мектептерінің 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды деп хабарлайды елорда әкімшілігі сайты.

"Желдің күшеюіне байланысты екінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды", — делінген хабарламада.

Астанада 21 ақпан күні, синоптиктердің болжауынша, боран соғып, оңтүстік-батыстан соққан жел күшейді – 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с.

© SputnikҚандай ауа райында мектептерде сабақ тоқтатылады
Қандай ауа райында мектептерде сабақ тоқтатылады - Sputnik Қазақстан
Қандай ауа райында мектептерде сабақ тоқтатылады
Жаңалықтар
0