Қоғам

Астанада "жасырын" жалға берушілерге іздеу салынады

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуӘйел адам
Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшылардың пайымдауынша, елордадағы баспананың кем дегенде 10%-ы жалға беріледі

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Астанада міндетті салық төлеуден қашып жүрген жалға берушілерді анықтау жұмыстары жүргізіледі деп хабарлады қала әкімшілігі баспасөз қызметі.

Интернет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда онлайнда уақытша тіркелу қолжетімді болды

Ведомство мәліметінше, Астанада 289 мың пәтер ресми түрде есепке алынған, олардың 9,3 мыңы, яғни 4%-ы заң жолымен жалға беріледі. Алайда, мамандардың айтуынша, бұл деректер мен шынайы көрсеткіштердің арасы тым алшақ: елордада баспаналардың шамамен 10%-ы жалға беріледі, демек 400 миллион теңге көлеңкелі айналымда жүріп жатыр. Әкімшіліктегілердің пікірінше, жалға берілетін есепке алынбаған пәтерлер қылмыскерлер үшін таптырмас алаңқай болмақ. 

"Осы мәселені шешу үшін жоба аясында "Бөлімше" жедел-профилактикалық шарасы жүргізілетін болады. Оған ішкі істер органдарының қызметкерлері ғана емес, мемлекеттік кірістір және тұрғын үй инспекциясы органдары да қатысады", — делінген хабарламада.

Олардың басты мақсаты міндетті салық төлеуден қашқақтап жүрген жалға берушілерді анықтау болып табылады.

Жаңалықтар
0