Қоғам

Астанада жаңа аялдамалар пайда болады

© AP Photo / Sergei GritsАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада қоғамдық көліктерге арналған жаңа әрі жайлы аялдамалар салынады

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы елорданың қоғамдық көліктерінің аялдама пункттері үшін жабық типті павильондардың сипаты мен дизайн көрінісіне ашық байқау жариялайды деп хабарлайды әкімшілік сайты.

Жылы аялдамада шылым шеккені үшін Астана тұрғынына айыппұл салынды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жылы аялдамада шылым шеккені үшін Астана тұрғынына айыппұл салынды

Байқауға осыған ұқсас объектілерді жобалау мен дизайнында тәжірибесі бар барлық заңды және жеке тұлғалар жіберіледі.

Жылдың кез келген мезгілінде аялдамаларда жолаушылар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында экологиялық таза материалдар, балама энергия көздері, алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылуы тиіс.

Ұсынылған дизайнерлік жобаның безендірілуі Астана қаласы орналасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, қаланың көлік жүйесінің қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына сәйкес функционалдық талаптарын қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ қоса берілген техникалық тапсырмаға сәйкес келуі қажет.

Пайдаланудың қарапайымдылығы, қол жетімділігі, жолаушының қауіпсіздігі, қолайлылығы, қызмет көрсетудің қарапайымдылығы жабық типті павильонды әзірлеу үшін негізгі функциональдық қағидалар болғаны жөн.

Байқау өтініштерін беру мерзімдері – байқауға хабарландыру бергеннен күннен бастап 10 күнтізбелік күн.

Жаңалықтар
0