Қоғам

Астана полициясы заңсыз темір қабылдайтындарды іздеуде

© Sputnik / Яков Андреев / Медиабанкке өтуАрхивное фото металлолома
Архивное фото металлолома - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада "Түсті металл" атты жедел профилактикалық іс-шара жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik.  Елордалық полицейлер "Түсті металл" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында түсті және қара металл қабылдау пункттерін тексеруде деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қырғызстан нөмірі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыда қырғыз нөмірлі көліктерге "аулау" жарияланды

Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен қаладағы 75 металл қабылдау пункті тексерілді. Бұл пункттердің бәрі металды рұқсат қағазынсыз қабылдайды екен.

Полиция тексеру барысында заңсыз түрде металл қабылдаумен айналысатын 30-дан астам адам жауапқа тартылды. 

Бұдан бөлек, түсті және қара металл ұрлаудың бес дерегі анықталды, күдіктілер ұсталған. Аталмыш деректер бойынша ҚР ҚК "Ұрлық" бабына сәйкес сот алды тергеу ісі жүргізілуде. Полицейлер жергілікті рейдтік шараларды жалғастырып жатыр. 

Жаңалықтар
0