Қоғам

Пойыздан түсірілген үздік сурет үшін сыйлық - iPhone7

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтупойыз терезесінен көрініс
пойыз терезесінен көрініс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда саяхат кезінде түсірілген үздік фотосуретке байқау жарияланды

АСТАНА, 24 ақп — Sputnik. Наурыз мейрамы қарсағында "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар арасында пойызда түсірілген саяхаттан үздік фотосуретке байқау жариялады. Жеңімпаздар 18 наурызда анықталатын болады. 

Ең бірегей фотосуреттің авторы iPhone7 plus ие болса, екінші және үшінші орындар үшін берілетін сыйлықтар — iPhone7 және iPad mini. 

Байқаудың шарттары бойынша, жолаушылар пойыз терезесінен қызықты фотосурет түсіріп, ktzrailways@gmail.com, mykhanov@gmail.com. Электронды мекен айларға жіберулері тиіс. Суреттер 25 ақпаннан 15 наурызға дейін (Jpeg форматына, көлемі 1200х1200 пиксел, файла көлемі 1 мб аспауы тиіс) қабылданатын болады. 


Жаңалықтар
0