Қоғам

Денсаулық сақтау саласындағы ең басты жүз мәселе анықталды

© Sputnik / Юрий Абрамочкин / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халық арасында жүргізілген сауалнама аясында ҚР денсаулық сақтау министрлігіне екі мыңнан аса ұсыныс түсті

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде "100 мәселе – 100 шешім – 100 күн" әлеуметтік науқанының аясында жүргізілген сауалнама қорытындыланды деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Хирургтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтар денсаулық сақтау саласындағы ең басты жүз мәселені атап көрсетеді

Шара барысында 800-ден астам азаматтар мен ұжымдардың атынан денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіру туралы 2094 ұсыныс келіп түсті. 

Бұл ұсыныстар орындалу мерзіміне қарай жоғары (қысқа мерзімді), орташа (орта мерзімді) және ұзақ (ұзақ мерзімді) деп 3 топқа бөлінді. Бірінші топқа келіп түскен сауалдардың көпшілігі медициналық қызмет, пациенттердің құқығы, емдеу тактикасы туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен туындаған. Мұндай ұсыныстар жергілікті жерлерде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізу немесе медициналық мекемелердің  сall-орталықтары арқылы түсініктеме беру арқылы жүргізілетін болады.  

ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (ДСДРО) орта мерзімді және ұзақ мерзімді ұсыныстар бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына жіберді.   

Науқан медициналық қызмет сапасын жақсарту; медициналық қызметкерлердің мәртебесін  арттыру мен олардың құқын қорғау; жұмыс үдерісін автоматтандыру мен ақпараттандыру; электрондық карталар, диагностиканың жаңа әдістерін енгізу сынды өткір мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.

"Кейбір ұсыныстар стратегиялық мазмұнда емес, нақты медициналық мекеменің жұмысын әрі қарай жақсартуға бағытталған",-деп атап өтті Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының қызметін атқарушы Айнұр Айыпханова.

Ұсыныстарды сараптау қорытындысы бойынша ең өзекті 100 мәселе анықталып, оларды шешу жоспары ДСДРО сайтында жарияланды.

Жаңалықтар
0