02:06 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Сот

Қазақстан парламенті қызметін дұрыс атқармаған судьяларға қатысты заң қабылдады

© Public Domain
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
13 0 0

Қазақстан парламенті жұмысына теріс баға берілген судьяларды қызметтен босатуды қарастыратын түзетулерді қабылдады

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Сенат депутаттары "ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұдан бұрын Жоғары сот судьясы Ақылтай Қасымов хабарлағандай, 2016 жылдан бастап Қазақстанда әр бес жыл сайын судьялардың қызметін бағалау процедурасы енгізілді.

Осы орайда енгізілген заң бойынша судьяның қызметіне теріс баға берілсе, қайта бағалау жүргізілместен, жұмыстан шығарылады.

Сонымен қатар, бұл заңға сәйкес, сот әділқазысы судьяны басқа бір сотқа ауыстыруға шешім қабылдаса, арнайы конкурс өткізілмейтін болады.

Басты тақырыптар