02:04 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Ғалым Тұрсынбаев

Мемлекеттік қызмет бойынша ұсыныстар Skype арқылы қабылдана бастады

© Foto: пресс-служба Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысы Ғалым Тұрсынбаев айтқандай, департамент республикада алғашқы болып халықпен осы байланыс әдісін пайдаланған

"2016 жылдың қыркүйегінен бастап маған Skype арқылы 30 адам хабарласты. Бұл біріншіден облыстың алыс елді-мекендерінде тұратын халық үшін қолайлы, өтініштерін жеткізу үшін қаншама шақырым жүріп келудің қажеті жоқ", — дейді Тұрсынбаев.

Биыл жыл басынан бері бес адам Skype арқылы хабарласып, белгілі бір мәселелер бойынша мәлімет алған. Азаматтарды әлеуметтік желілер мен бейнепорталдар арқылы ақпараттандыру да белсенді түрде жүргізілуде. 


Басты тақырыптар