Қоғам

Астанада "жемқорлыққа қарсы" автобустар шығады

© Photo : агентство РК по делам государственной службы и противодействию коррупцииЖемқорлыққа қарсы мобильді топтың шағын автобусы
Жемқорлыққа қарсы мобильді топтың шағын автобусы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада арнайы автобуста қозғалатын мобильді насихаттау тобының құрамына сегіз адам кірді, олардың арасында шенеуніктерден бөтен Астана блогерлер альянсының өкілі Арыстанғали Сансызбаев және бокстан әлем чемпионы Данияр Төлегенов бар

АСТАНА, 2 нау – Sputnik. Астанада мобильді насихат тобы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің баспасөз қызметі. 

"Мобильді насихаттау тобының мүшелері мемлекеттің жүргізіп отырған жемқорлыққа қарсы саясатын жариялап, азаматтарды жедел қабылдауды жүзеге асыратын болады. Мобильді насихаттау тобы жұртшылық үшін күнделікті өмір сүру салты ретінде жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс үлгісін насихаттайтын құралға айналмақ", — делінген ведомствоның хабарламасында. 

Пилоттық тәртіпте қалалық коммуналдық кәсіпорындардың  500-ден астам адамы бар төрт еңбек ұжымымен көшпелі түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Мобильді топ баратын алғашқы нысан —  "Астана су арнасы" МКК. 


Жаңалықтар
0