02:12 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Бала

Сәби кімге қалады: Алматыдағы асырап алушы мен ананың дауы тығырыққа тірелді

© Public Domain
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
127 0 0

Алматыда бүлдіршінге қатысты драмалық сот дауының жалғасып жатқанына екі жыл болды: екі ана екі жасар Жеңісті тәрбиелеу құқығына таласып отыр.

АСТАНА, 2 нау – Sputnik. Сергей Ким. Жеңіс туылған сәтте анасы одан бас тартты, басқа әйел оны асырап алмақ болғанда, ол райынан қайтып, баласын қайтарып алу үшін соттаса бастады. Бір жарым жыл бойы өтіп жатқан соттар қатары жағдайдың шешімін таппай, әлі де ол тығырыққа тірелуге жақын. Баладан үміттенген әр қайсының өз уәжі бар. Sputnik Қазақстан екі тараптың да пікірін тыңдады. 

№1 болжам құқықтық тығырық 

Гүлжан Қилыбаева мен оның күйеуі 2014 жылы бала асырап алу туралы шешім қабылдайды. 2015 жылғы мамырда оларға анасы бас тартқан баланы көрсетеді. "Биологиялық анасы оны 2014 жылғы 10 желтоқсанда босанып, бірден бас тарту хатын жазады. Бір айдан кейін оны қайтадан перзентханаға шақыртып, тағы екі бас тарту хатын жаздырып алады. Ол кезде сәби перзентханада болады: босану кезінде бала кіндікке оралып қалған соң екі ай бойы перзентханада жатады. Сосын ақпанда оны №1 бөбектер үйіне ауыстырады. Біз негізі асырап алмақ болдық, бірақ мемлекет бізге кейіннен асырап алу құқығымен қамқорлыққа ғана берді. 2015 жылғы 17 мамырда Медеу ауданының әкімі мені осы баланың қамқоршысы етіп тағайындап, біз оны үйге алып кеттік. Сәбиге 10 ай болған кезде біз асырап алу процесін бастадық", — дейді Гүлжан Қилыбаева. 

Оның сөзіне қарағанда, ол шенеуніктерге қамқорлық алу үшін бұрын да барған. Бірақ жаз болғандықтан демалыстар маусымында рәсіммен айналысатын адамның болмауына байланысты оған күзде келуге кеңес берген. 

Күзде балаға 10 ай болғанда, бөбектер үйі асырап алуға рұқсат береді. Бірақ күтпеген оқиға орын алып, ауыр процесске жауапты тұлғалар баласынан бас тартудан айнып қалған биологиялық анасын іздеп табады.  

"Мен ол кезде ювеналды сотқа баланы асырап алу үшін құжаттар тапсырып қойған болатынмын. Судья әңгімелесуді тағайындады. Әңгімелесуге барар алдында маған қамқорлық органдарынан телефон соғып, биологиялық анасының табылғанын айтты. Маған сотта биологиялық анасынан тағы бір рет сұрау керектігіне байланысты іздеп тапқанын айтты", — деп жалғастырды Қилыбаева. 

Оған биологиялық анасын балаға құқықтарынан айыру туралы арыз түсіру туралы кеңес берген. Осылайша, 2015 жылғы қазанда ата-аналық құқығынан айыру процесі басталған. Бірақ судья талап-арыз талаптарынан шығып кетіп баланы биологиялық анасына беру туралы шешім шығарып, Гүлжанның талабын қанағаттандырусыз қалдырады. Кейіннен әйел апелляциядан да жеңіліп қалады. Шешімге қатысты Жоғарғы сотқа шағым түсіру де нәтиже бермейді.

Мемлекет биологиялық анасына ата-аналық құқығын бекітіп, 2016 жылғы сәуірде баланы қайтару туралы орындау парағы толтырылған. Іске сот орындаушылары кірісті. Гүлжан Қилыбаева олардан әлі күнге дейін жасырынып келеді. Әйелдің пікірінше, оған оның негіздері жеткілікті, өйткені оны қамқорлық құқығынан айырмаған. 

"Бізде "Неке және отбасы туралы" Кодекстің 94-бабы бар, онда некеде тұрмаған ана медициналық мекемеде сәбиін тастап кетіп, жарты жыл ішінде баланың денсаулығын немесе оның жағдайы туралы бір ретте қызығушылық танытпаған жағдайда соттың өзге құжаттар талап етуге құқы жоқ. Кәмелет жасқа толмағандардың ісі жөніндегі сот не істеді? 10 ай өтіп Қилыбаева асырап алуға құжаттар тапсырған кезде олар биологиялық анасын іздеуге мәжбүрлейді. Бұзушылық көрініп тұр. Биологиялық анасы баласынан үш мәрте бас тартқан – туып бола салысымен, баланы бөбектер үйіне өткізетіні туралы хабардар еткенде екінші және үшінші рет. Үш бас тартудың тарихы осындай", — дейді Қилыбаеваның адвокаты Қорлан Хасен. 

2016 жылғы қазанда Зухра Ысхақова сотқа Алматы қаласы Медеу аудандық әкімдігі мен қамқорлық органының әрекеттерін заңсыз деп танып, сонымен қатар Қилыбаеваның балаға қамқор болуы туралы өкімнің күшін жою үшін талап арыз түсіреді. Қайтадан сотты жеңіп алды. Бірақ соңғы жеңісті атап өтуге әлі ерте болатын. Кейіннен шешімге қамқоршымен оның адвокаты апелляция тәртібінде шағым түсіреді. Олардың шағымы қанағаттандырылып, істі жаңа құрамда қарау үшін ювеналды сотқа қайтарады. 

№2 болжам 

Sputnik Қазақстан Зухра Ыхсановамен телефон арқылы байланысты, ол бізді өзінің заңгері Оксана Бурякқа бағыттап жіберді. 

Ол Қилыбаева мен Хасеннің ақпаратын жалған деп санайды. 

"Олар үш бас тартуды алға тартады. Мәселе әйелдің өте қиын өмірлік жағдайға тап болғанында, босанғаннан кейін белгілі бір жағдайда болды. Оның құқықтық сауатсыздығын ескерер болсақ, ал перзентханаларда психологтар да заңгерлер де тиісті деңгейді жұмыс істемейді. Оған ештеңе түсіндірмеген. Олардың өздері баладан бас тартуды ұсынған, өйткені оның баспанасы жоқ екенін жалғыз өзі баланы асырай алмайтынын көріп отырғанын айтқан. Олар одан бас тарту хатын жаздырып алып, ол тағы жеті күн бойы перзентханада жатқан. Баланы емізуге берулерін сұраған, олар бас тарып, бас тарту хаты бар сенің балаға ешқандай құқың жоқ, сау бол деген", — деп хабарлады Буряк. 

Белгілі бір уақыт өткен соң, адвокаттың айтуынша, Зухраға перзентханадан телефон соғып, алдыңғы қағазды жоғалтып алдық деген желеумен қайтадан бас тарту хатын жазуды өтінген."Олар оған мәтін түсірілген бланк беріп, соны өз қолымен көшіріп жазуды сұрайды. Оның бәрі бір уақытпен жазылған. Қарама қарсы тарап осының бәрін үш бас тарту деп атап жатыр. Баланың екі жыл бойы Қилыбаевада болғанын айтады. Олардың жарты жылдан бұрын баланы алуға хақылары болмаған, бірақ олар алды. Жарайды, бұл мәселе емес. Бұл олар алып отырған алғашқы бала емес. Бұрын олар заңнаманы бұзумен тағы бір бала алған. Ол баланы баладан бас тарту туралы хат жазған ананың ата-анасы алған. Яғни, оларда бұрын мұндай іс болған, сондықтан олар тағы бір бала алуға барып, оны асырап алғысы, немесе қамқорлыққа алғысы келсе кем дегенде заңгермен рәсімдеуге тиіс еді", — дегенді алға тартады биологиялық ананың адвокаты. 

Жағдай ауада қалғып қалды. Іс қайтарылған ювеналдық сотта Қилыбаеваның қамқорлыққа алу мәселесі қаралатын болады. Алайда ол жеңген күннің өзінде ата-аналық құқық Исхановада қалады. 


Басты тақырыптар