Қоғам

Әйелдерге ұнау үшін қандай сөздер айту керек

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанНурсултан Назарбаев
Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев ер азаматтарға кеңес берді

АСТАНА, 7 мар – Sputnik. Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз мерекесі қарсаңында әйелдермен кездесіп, қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мейрамымен құттықтады. 

Кездесу барысында Елбасы еліміздің түкпір-түкпірінен келген әйелдер қауымына өнегелі әңгімелер айтып қана қоймай, әзіл-қалжың да айтты. 

"Егер әйелге ұнағың келсе, ол сұлу болса, ақылдысың деп айт. Егер әдемі болмаса, әдемі де. Екеуі де болмаса, "Қалай арып кеткенсің" деу керек. Дұрыс па? Мен үнемі оларды үйретемін, әйелдермен сөйлесе алмайды", — деді Мемлекет басшысы. 

Елбасы 8 Наурызбен құттықтады - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев әйелдерге: ер азаматтар ашуланса - сабырға, араздасса - пәтуаға шақыру керек

Кездесуде сөз алған әйелдер Елбасына алғыстарын жеткізіп, істеп жатқан жұмыстарын, жетістіктерін әңгімеледі. Жас әнші Мария Галицкая гитарамен екі ән орындады. Ал ауылдық орта мектептің директоры Ирина Седова  Нұрсұлтан Назарбаевқа домбыра сыйлады. 

 "Менің қазақ тілін білуім тағдырыма ерекше әсер етті.  Қазіргі таңда өзім білім алған мектептің директорымын әрі сонда қазақ тілінен сабақ беремін. Енді ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Аса құрметті Елбасы! Қазақтың шаршағанын басатын да, жан сарайын ашатын да қасиетті домбыра. Сіздің домбыраны жақсы тартатыныңызды бәріміз де білеміз. Мен сізге 9 пернесіне Қазақстандағы 9  милилон әйелдің өзіңізге деген ықыласы сиятын домбыра сыйлағым келеді", — дей келе Седова Президентке домбыра сыйға тартты. 

Елбасы сөз соңында Қазақстанның әйелдер қауымын мерекемен тағы да құттықтап, бақ-береке, жақсылық пен табыс тіледі.  

Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы: Домалақ ана мен Айша бибінің парасатын жалғастырушы ізбасарлары - қазіргі әйелдер

Айта кетейік, мереке қарсаңындағы дәстүрлі кездесуге Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева, ғалым-микробиолог Әлия Ерназарова, Универсиада-2017 чемпионы Анна Шевченко, ҚХА мүшесі, ауыл мектебінің директоры Ирина Седова, "Жас Атамекен" жас кәсіпкерлер клубының президенті Зарина Көкжанова, ақын Толқын Қабылша, әнші Мария Галицкая, "Тенгизшевройл" ЖШС адам ресурстарын басқару бас менеджері, аудандық аурухананың бас дәрігері Қарлығаш Рәзиева, Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, «Астана-Балет» театрының жетекші балеринасы Милана Буканова, көпбалалы ана Оксана Мұкашева, қобыздан халықаралық байқаулардың лауреаты Ақерке Тәжібаева, Астана қалалық кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Назилия Раззак, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Оксана Давыденко, ҚР ҚК Парашют дайындығы орталығының аға маманы Римма Рамазанова, актриса Салтанат Бақаева,  журналист Венера Мирланқызы қатысты. 


Жаңалықтар
0