Қоғам

Сағадиев: Бекболат Тілеуханмен "жекпе-жекке" шығуға қарсы емеспін

© Photo : Министерство образования и науки Республики КазахстанЕрлан Сағадиев
Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Бірақ бұл үкіметтің жұмысы емес"

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгін баспасөз мәслихатында мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханмен білім саласындағы мәселелер бойынша баспасөз бетінде пікірталасқа түсуге қарсы еместігін айтты. Бірақ министрдің айтуынша, мұндай "жекпе-жек" үкімет жұмысына сай емес. 

Министр образования и науки РК Ерлан Сагадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев: Президент айтса, отставкаға кетемін

Еске сала кетейік, Мәжіліс отырыстарының бірінде депутат Бекболат Тілеухан оқулықтардың сапасын сынай келе, министр Сағадиевті "жекпе-жекке" шақырған болатын. 

"Қазір жауап бере алмасаңыз, баспасөз бетінде сізді жекпе-жекке шақырамын және сіздің жеңіп кетуіңізге шын жүректен тілектеспін. Өкінішке қарай, жеңіліп қаласыз-ау. Өйткені, ешқандай уәж жоқ. Ертең халықтың, сайлаушылдардың алдында біз жауап беруіміз керек", — деген еді депутат.

Бүгін баспасөз мәслихатында министр осыған қатысты өз пікірін білдірді.

"Бекболат Тілеухан мені баспасөз бетінде дебатқа шақырған екен. Менің ойымша, ол дұрыс емес.  Бекболат Тілеуханды оқулыктардың сапасын қарайтын  комиссияға шақырдык. Бүгін мен өзім Мәжіліске звондап, айттым. Он бір депутат жазылған, соның ішінде Бекболат Тілеухан комиссия құрамында жұмысын көрсетсін. Мен қарсы емеспін (дебат өткізуге – автор ескертпесі). Бірақ,  менің ойымша, ол үкіметтің жұмысы емес", — деді Сағадиев бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. 

Жаңалықтар
0