Қоғам

Майлыбаев мамырдың ортасына дейін қамауда болады

CC BY-SA 3.0 / ru.wikipedia.org / Бағлан Майлыбаев
Бағлан Майлыбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағлан Майлыбаев жыл басында мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен қамауға алынған болатын

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Астана қаласы Есіл аудандық №2 соты ҚР Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевты қамауға алу мерзімін екі айға ұзартты деп хабарлайды елордалық сот баспасөз қызметі.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әшімбаев: Майлыбаев пен Дүтбаевтың қамалуларын байланыстырмас едім

Сот берген мәлімет бойынша, Майлыбаев 12 мамырға дейін қамауда болады. 

"Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтініш 7 наурыз күні қаралды", — дейді баспасөз қызметі.

ҚР Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары Николай Галихинді де қамауға алу мерзімі 12 мамырға дейін ұзартылды.

Майлыбаев пен Галихин 2017 жылы 2 қаңтарда 185-баптың 1- және 3-бөліктерінде қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған болатын. 

Жаңалықтар
0