06:44 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Пульт

Абаев жарнамаларды сынға алған әйелге жауап берді

© Public Domain
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Қазақстандық әйелдің айтуынша, кейбір жарнамаларды отбасы, туған-туыстарыңмен бірге отырып көру ұят

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. ҚР ақпарат және коммуникациялар министріне әйел адам өтініш жазып, теледидардан көрсетілетін жарнамаларға шағым түсірді.

Айнұр Солтанқұлова есімді әйел министр Дәурен Абаевтың блогына өтініш жазды.

"Сізге телеарналардағы жарнамалар туралы айтайын деген едім. Төсемдер мен мүшеқаптар туралы жарнаманы алып тастауға болмай ма? Бұлар отбасы мүшелері мен қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырады", — деп жазады әйел адам өтінішінде.

"ҚР "Жарнама туралы" заңы бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарында әйел адамның гигенасына арналған құралдар мен контрацепция құралдарын жарнамалауға тыйым салынбайды", — деп жауап берді Абаев.

Сол себепті телеарналарда мұндай жарнамаларлы таратуға тыйым салу мүмкін емес деп түйіндеді министр. 

Басты тақырыптар