05:57 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
ЕНТ, экзамен

Сағадиев ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты түсініктеме берді

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
155 0 0

Дүйсенбі күні Ұлттық бірыңғай тестілеуден қазақ тілі алынып тасталды деген ақпарат тараған еді

АСТАНА, 14 наурыз – SputnikБиыл қазақ тілін мектеп түлектерінің 100%-тапсырады, деп хабарлады білім және ғылым министтрі Ерлан Сағадиев. 

Дүйсенбі күні бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық бірыңғай тестілеуден қазақ тілі алынып тасталды деген ақпарат тарап, жұртты біраз шулатқан еді. Осы мәселеге қатысты бүгін Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді. 

Министрлік хабарлағандай, 12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келген болса да, оның нәтижелері есепке алынбаған. Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізінде емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырған. 

ҰБТ екі кезеңге бөлініп отырғандықтан, сондай-ақ биылғы мектеп түлектерінің жүз пайызы қазақ тілін тапсыруы мақсаты қойылып отырғандықтан, аттестатты алу үшін әрбір түлек емтихан тапсырып, тіл білімін тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс. 

"Жүз пайыз балалар мектеп емтихандарын тапсырады. Қазақ тілі мектептерде тапсырылатын болады. Бірақ билеттер арқылы емес, бірыңғай тест ретінде жүз пайыз балаларымыз қазақ тілін тапсырады. Жоғарғы оқу орнына барған кезде қазақ мектептерін бітірген балалар 80-85 пайызды құрайды, олар ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады. Қалған 15 пайыз балалар мектептерде бірыңғай тест ретінде қазақ тілін тапсырады", — деп түсіндірді бүгін үкіметте Сағадиев журналистерге. 

Басты тақырыптар