06:04 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
үйлену тойы

Қазнетті шулатқан 14 жасар жас жұбайлар туралы оқиға жалған болып шықты

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
163 0 0

Ақтаулық ерлі-зайыптыларды танымайтын адамдардың негізсіз айыптаулары ренжітіп жатыр

АСТАНА, 14 нау — Sputnik.  Суреттері қазнетті шулатқан Ақтаудағы ерлі-зайыпты Ерғазы мен Динара Меңдібаевтар кәмелет жасқа толғандарын алға тартады, деп жазады өңірлік Lada.kz басылымы. 

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілердегі әртүрлі пабликлдарда жас жұптың суреті таратылып, онда Маңғыстау облысында 14 жасар жеткіншектер үйленді деп жазылған.

"Досым маған сайттардың бірінде жарияланған жұбайымыз екеуіміз түскен суреттің скриншотын жіберді. Содан бәріміз бір күліп алдық. Бірақ бірнеше күннен соң суретіміздің тағы бірнеше интернет-ресурстарда жарияланғаны туралы скриншоттардың саны оннан асты. Бұл мүлде күлкілі болған жоқ. Әйелім тіпті ренжіп қалды. Әсіресе, суретке жазылған пікірлерді көңілге алып қаласың. Онда адамдар жағдайдың мән-жайын білмей жазып жатты. Жағымсыз пікірлер қалдырып, тіл тигізгендер болды", — дейді Ерғазы Меңдібаев.

Жастар 2016 жылы үйленген екен. Ол кезде Ерғазы — 21 жаста, ал әйелі 20 жаста болған.

"Бізге бұрындары да кәмелетке толғанымызға ешкім сенбейтін.Үнемі жеке куәлікті көрсетіп жүру керек болатын", — дейді ерлі-зайыпты.

Ерғазының айтуынша, қазіргі уақытта оны қоғамдық көліктегі адамдар танып жатыр. Тұрғындар оған жақындап, расында да жұбайы екеуінің жасы 14-те ме, жоқ па — соны сұрап жатады екен. 


Басты тақырыптар