06:52 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Петля, сделанная из кабеля для компьютера

Елімізде 170-тен астам бала өз-өзіне қол жұмсаған

© Sputnik / Жоомарт Ураимов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Әлеуметтік желідегі суицидке үндейтін 237 топ бұғатталды

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид төмендеді, деп хабарлады адам құқықтары жөнінденгі ұлттық орталық жетекшісі Серік Оспанов. 

"2015 жылы жасөспірімдер арасындағы 201 суицид бойынша ақпарат бар. 2016 жылы 175 бала өз-өзіне қол жұмсады. Яғни, осындай қадамға баратын балалардың саны төмендеп келеді. Бұл бағытта жұмыстар істеліп жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, тамырына түбегейлі балта шаба алмай отырмыз", — деді Оспанов. 

Мамандардың айтуынша, балалардың психикасына интернет, әсіресе, әлеуметтік желілер теріс ықпал етеді. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі биылғы жылдың төрт айында ғана суицид жасауға азғыратын әлеуметтік желідегі 200-ден астам топты бұғаттаған. 

"Суицидке шақыратын материалдардың таралуына жол бермеу үшін 2015 жылы біздің бастамамыз бойынша әлеуметтік желідегі 157 топ бұғатталды. 2016 жылы 161, биылғы жылдың басынан бері Вконтакте мен Инстаграмдағы 237 топтың жұмысы тоқтатылды", — дейді министрлік өкілі Михаил Комиссаров.


Басты тақырыптар