Қоғам

Синопиктер көктемге ауа райы болжамын айтып береді

Жазылу
17 наурыз күні сағат 11:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында баспасөз мәстлихаты барысында синоптиктер биылғы көктемнің қандай болатыны туралы әңгіме қозғайды

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. 17 наурыз күні сағат 11:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Жылы маусымға ауа райы болжамы және Қазақстандағы көктемгі су тасуға болжам" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, көктемнің қашан келетінін, Наурыз мейрамында ауа райы қандай болатынын баяндайды.

Қатысушылар: 

— "Қазгидромет" директоры Марина ШМИДТ;

— "Қазгидромет" ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира АҚЫШЕВА;

— "Қазгидромет" гидрология департаментінің директоры Дидар ЖӘНІБЕКҰЛЫ.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат Р1. 

БАҚ аккредитациясы: +77015277007.

Жаңалықтар
0