Қоғам

Астанада Наурыз қалай тойланады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНаурыз
Наурыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада Наурыз мейрамын атап өту аясында жиырмаға жуық мәдени және спорттық шара өтеді

АСТАНА, 16 нау — Sputnik. Астанада Наурыз мейрамына орайластырылған шаралар бес алаңда және он тұрғын алабында ұйымдастырылады, деп хабарлады Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

"Хан Шатыр" СОСО жанындағы этноауыл

Сейсенбіден бейісенбіге дейін  "Хан Шатыр" СОСО жанындағы алаңда үлкен этноауыл ашылады. Мұнда 19 киіз үй тігіледі, шығыс базары, сауда орындары, алтыбақан орнатылады. 

Наурыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтар Наурыз және Елорда күні мерекесіне орай тоғыз күн демалады

Әрбір киіз үйдің жанында Астана қаласының театрларының артистерімен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі. Сауда орындарында ыстық шығыс тағамдары сатылады. Шығыс базарының аумағында көрме-сауда ұйымдастырылады, қолөнер шеберлері сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын жасауды үйретеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына бауырсақ пен Наурыз көже ұсынылады.

Сонымен қатар, Астананың жетекші шығармашылық ұжымдарының концерттері өтеді. Атап айтқанда, "Қорқыт" дәстүрлі музыка ансамблі, "Сарыарқа" халық аспаптары ансамблі, Астана қаласының қуыршақ театры, Астана қаласының ммемлекеттік академиялық филармониясының солистері және қазақстандық эстрада жұлдыздары өз өнерлерін ортаға салады.

Бұдан басқа, жиналған қауым қазақша күрес, арқан тартыс, гір көтеру, қой көтеру сынды спорттық жарыстарға қатыса алады. Сондай-ақ, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында иттер жарысы мен төбет және тазылар көрмесі өткізіледі.

Халықтық серуендер өтетін алаңдар 

Наурыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Павлодар облысы әкімі Наурыз мейрамын сәуірде тойлауды ұсынды

21 және 22 наурызда мерекелік бағдарлама "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда («Шабыт» ҚҰӨУ жанында), қалалық әкімдіктің жанындағы алаңда, Студенттік саябақта ("Қазақстан" спорткешенінің аумағы) және "Жастар" театрының алдындағы аумақта (вокзал ауданы) ұйымдастырылады. Наурыз мейрамына арналған киіз үйлер тігіледі, алтыбақандар орнатылады, спорттық жарыстар мен қазақстандық эстрада орындаушыларының қатысуымен концерттер өтеді, қонақтарға бауырсақ пен Наурыз көже ұсынылады.

Киіз үйлерде қазақ халқының "Бата беру", "Тұсаукесер", "Айтыс", "Ұлттық ойындар", "Беташар", "Көрісу-амандасу", "Бесікке салу", "Ат қою" сынды дәстүрлері көрсетіледі.

Астананың шет аумақтары 

ТойҚазан 2016 10 - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Наурыз, күрес, қатырма ЮНЕСКО мәдени мұрасы тізіміне енуі мүмкін

Астананың шет аумақтарында да мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Наурыздың 18-і мен 22-сі аралығында Наурызға орайластырылған концерттер мен шаралар Железнодорожный, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино, Пригородный, Ильинка, Көктал-1, Көктал-2 және Өндіріс тұрғын алаптарында өтеді.

"Алжир" мұражай мемориалдық кешенінде "Қош келдің, Наурыз!" көрмесі ашылды. Көрме 6 бөлімнен тұрады: "Наурыз мейрамыңмен!", "Ұлттық тағамдар", "Ұлттық салт-дәстүрлер", "Қазақ ұлттық ойындары", "Ұлттық музыкалық аспаптар мен зергерлік бұйымдар", сондай-ақ "Алаш" залында қазақ ұлттық киімінің, экспонаттар мен Ақмол ауылының №5 орта мектебінің оқушыларының суреттерінің экспозициясы ашылады. Көрме 24 наурызға дейін жалғасады.

Мәдени және спорттық шаралар 

19 наурызда сағат 15:00 — 17:00 "Алау" мұз сарайында "Асық Party"асық ату жарысы өтеді. Оған Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры мен "Жастар" театрының актерлары қатысады. Келушілер елордалық театр артистерімен сайысқа түседі.

22 наурызда "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрында Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсының қойылымы өтеді, жаңа музыкалық редакцияның авторы – қоюшы-дирижер Абзал Мұхитдинов. 

фильм - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР-да Наурыз мерекесіне қарай жаңа отандық телеарна пайда болады

Осы күні сағат 18:30-да Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында М. Байжиевтің "Тіл табысқандар" комедиясы, 23 наурызда Ш. Мұртазаның осы аттас драмасының желісі бойынша қойылған "Бір кем дүние" спектаклі, сенбі және жексенбі күндері "Қараш-Қараш" пен "Ғасырдан да ұзақ күн" спектакльдері көрсетіледі.

24 наурызда М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Рэй Кунидің пьесасы бойынша "Смешные деньги" комедиясы (режиссері – ҚР еңбек сіңірген артисі Бекпулат Парманов) көпшілік назарына ұсынылады.

Бұрын хабарланғандай, Астанада Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 20 жуық мәдени шара ұйымдастырылады. Басты мерекелік шаралар ашық алаңдарда өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік коцерттер, көрмелер мен қаланың театрларында премьералық көрсетілімдер тамашалай алады.

"Астана" концерт залында 23 наурызда "Шаншар" әзіл-сықақ кеші, 25 наурызда "Шалқыма" халық би ансамблінің, "Рауан" би ансамблінің және класссикалық пен эстрадалық вокал солистерінің қатысуымен "Би әлемі" концерті өтеді.

Елордалық қуыршақ театрында балаларға арналған "Легенда о Наурызе", "Қаңбақ шал" және "Приключения Наурызбека", ертегілер көрсетіледі. Орыс драма театры да кішкентай көрермендерін Наурыз мейрамында "Домик для царя зверей" және "Аленький цветочек" ертегілерімен қуантпақ. Шаралардың толық бағдарламасымен www.madeniet.astana.kz сайтынан танысуға болады


Жаңалықтар
0