05:53 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
сәби

52 жасар алматылық әйел тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

CC0 / Harald_Landsrath
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
95 0 0

Алматы тұрғыны Сандуғаш Күсметаеваны Қазақстанда ең жасы үлкен алғаш босанушы деп тануы мүмкін

АСТАНА, 16 нау — Sputnik. Ана болу ешқашан кеш емес, мұны 52 жастағы Алматы тұрғыны Сандуғаш Күсметаева дәлелдеді. Ол өзінің тұңғышын жолдасымен 30 жыл отандасқаннан кейін босанып отыр. Ұзақ күттірген сәби Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл баланың туылуы бүкіл перзентхананы аяғына тік тұрғызған. 

"Бұл біздің перзентхана үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін бірегей жағдай екеніне сенімдімін", — деді Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында орталықтың қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет жетекшісі Алуа Мырзаханова. — Ондай науқас бізде ешқашан болмаған. Сандуғашты көруге бүкіл перзентхана келді, аналар келді көруге. Босанған әйел 52 жасар – оңай ма? Оның үстіне ол тұңғышын босанды". 

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, баланың денсаулығы жақсы. Анасының да денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

"Салмағы 3 келі 170 граммды құрайтын қыз туылды. Бойы – 52 см", — деді Мырзахметова. 


Басты тақырыптар