03:20 27 Сәуір 2017
Тікелей эфир
Динара Сәтжан

Динара Сәтжан Астанадағы зәулім пентхаусын сатпақшы

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
260 0 0

Танымал тележүргізуші көшетін болғандықтан, үйін сатуға шешім қабылдапты

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан Астанадағы пентхаусын 88 миллион теңгеге сатпақшы.

"2009 жылы пентхауста тұрғым келіп, іздей бастадым. Төбесінің биіктігі алты метр пәтерді көргенде, соған бірден көңілім ауды", — деп жазады тележүргізуші Instagram парақшасында.

 

 

Оның айтуынша, тұрғын үй кешені 2007 жылы салынған, ал пентхаус Динараның Астанадағы үшінші пәтері екен. Баспананың ауданы 200 шаршы метр.

"Мен жаңа үйге көшкелі жатырмын, сол себепті бұл пәтердің иесі СІЗ бола аласыз! Бағасы: 88 миллион теңге, яғни жиһазы мен көлік тұрағын қосқанда, шаршы метріне 1400$", — дейді тележүргізуші.

Басты тақырыптар