Қоғам

Бағдарламаға қонаққа келген Тәуекел Мүсілім алданып қалды

© Photo : Кадр фильмаТәуекел Мүсілім
Тәуекел Мүсілім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жуырда Тәуекел Мүсілім естен кетпес оқиғаны бастан өткерді

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Тәуекел өзі қызмет атқаратын “Ревю” бағдарламасына қонақ ретінде шақырылып, алданып қалды деп хабарлайды Stan.kz.

Жоспар бойынша, штатта қызмет атқаратын әрлеуші денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа шыға алмайды. Сол себепті оның орнына “аяғы ауыр” Фариза жұмыс істейді.

Құпия бұйрық бойынша, оператор, продюсер және режиссер түсірілім алаңынан ғайып болды. Сол сәтте Фаризаның толғағы басталған.

© Photo : Stan.kzӘйел эфир кезінде Тәуекел Мүсілімнің алдында "босана" жаздады
Әйел эфир кезінде Тәуекел Мүсілімнің алдында босана жаздады - Sputnik Қазақстан
Әйел эфир кезінде Тәуекел Мүсілімнің алдында "босана" жаздады

Аң-таң болған Тәуекел не істерін білмей дал болады. Әріптесінің өтінішімен ол Фаризаның қолтығынан демеп, жанында қалған. Тек жедел жәрдем келіп жеткен кезде ғана Тәуекел алданып қалғанын түсінген.

Жаңалықтар
0