06:50 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Синема парк

"Сұлу және құбыжық" елімізде прокаттың кешіктірілуінен көбірек назар тартады

© Sputnik / Александр Кряжев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
7 0 0

Фильм қазақстандық прокатқа 16 наурызда шығуға тиіс болатын.

АСТАНА, 17 нау — Sputnik. "Сұлу және құбыжық" фильмнің прокатқа шығуы кешіктірілуге байланысты қазақстандық көрермендерді көптеп тартады, деп мәлім етті "Меломан" компаниясының бас директоры Вадим Голенко.

Бұдан бұрын Kinopark Multiplex Cinemas кинотеатрлар желісі хабарлағандай, Дисней фильмі "Сұлу және құбыжық" Қазақстанда прокатқа шықпай қалды. "Меломан" компаниясының  "Сұлу және құбыжық" фильмін ҚР территориясында прокатқа алуда қиындықтар туындады. Фильм қазақстандық прокатқа 16 наурызда шығуға тиіс болатын. 

Сұлу және құбыжық фильмі
© Foto: Официальный трейлер фильма "Красавица и Чудовище"

"Біз прокаттық куәлік алып жатырмыз. Соңғы уақытта осы фильмге қатысты ақпараттық негативті ескере отырып, Мәдениет министрлігі контентті тексеріп жатыр", — деді Голенко. Наурыз мейрамдарында фильм көрермендерге жол тартады деген үміт бар. 

"Ешқандай зиян келмейді деп ойлаймын. Ал осындай күтпеген промоның арқасында керісінше фильм көптеген көрермендер жинайды деп ойлаймын. Яғни кейбіреулері жәй ғана әуесқойлықтан барады", — деді бас директор.

"Сұлу және құбыжық" фильмін режиссер Билл Кондон түсірді. Басты рөлді Гарри Поттер туралы фильмдер бойынша танылған актриса Эмма Уотсон сомдады. Сондай-ақ фильмге Дэн Стивенс ("Легион"), Стэнли Туччи ("Терминал", "Дьявол носит Prada"), Иэн МакКеллен ("Властелин колец", "Хоббит"), Эмма Томпсон ("Реальная любовь"), Юэн МакГрегор ("Звездные войны", "На игле") тағы басқалар түсті. 


Басты тақырыптар