06:00 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Фемида

Әблязовтың соты: қылмыстық іс тоқтатылмады

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Мұхтар Әблязов адвокатының қылмыстық істі тоқтату туралы өтініші қанағаттандырылмады

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың ісіне қатысты алдын ала тыңдау Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта жалғасты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Төрағалық етуші судья Мәртбек Кәкімжанов мәлімдегендей, басты сот талқылауы биыл 3 сәуірде ашық сот отырысында орыс тілінде өткізіледі. Басты айыпталушы Мұхтар Әблязов сот талқылауына қатыспайды. 

"Адвокат Ажигулованың істің тыңдалуын кейінге қалдырып, сотталушы Әблязовқа айыптау актісінің көшірмесін бергізуге айыптау органын міндеттеу туралы өтініші қанағаттандырылмайды", — деп оқыды судья.

Сот атап өткендей, басты сот талқылауына Әблязовтың адвокаты Анжелика Ажигулова қатысады. 

Басты тақырыптар