06:46 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

© Foto: пресс-служба министерства обороны РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
41 0 0

Елімізде 18 бен 27 жас аралығындағы 16 мың азамат әскери қызметке шақырылады

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Қазақстанда әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны бастау алды деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі.

2017 жылғы көктемде Қарулы Күштерге, Қазақстан Республикасының өзге де әскерлері мен әскери құрылымдарына 1999-1990 жылғы 16 мыңнан астам азаматтарды шақыру жоспарланған. 

Шақырылушылар медициналық куәландыру мен әскери қызметке жарамдылығын анықтаудан өткізілетін өздері әскери есепке алынған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерге бару қажет. 

Жасақтау осыған дейінгі тәрізді бұрынғы аймақтық қағида бойында жүзеге асатын болады. Яғни, шақырылушы әскери қызметін өткеру үшін басқа аймаққа жіберіледі. Әскер қатарына толықтырылатын жас азаматтарды іріктеу және әскери бөлімдерге таратып үлестіру кезінде олардың шақырылымға дейін алған мамандықтары ескеріледі.

Ведомство хабарлағандай, шақыруды ұйымдастыру тәртібі мен медициналық куәландыру шаралары өткізу мәселелерін жедел түрде шешу үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігінде осы кезең аралығында арнайы "жедел желі" жұмыс жасайтын болады. Жауапты лауазымды тұлғалар азаматтардың қызығушылығын тудырған сауалдарына жауап беріп түсіндіреді. Мына телефон нөмірлері бойынша хабарласып кеңес алуға болады:8 (7172) 72-13-89 және 72-16-06. 

Басты тақырыптар