06:49 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Судебный молоток

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 9 жылға сотталды

© Sputnik / Максим Богодвид
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Алматы МКД қызметтік тергеулер бөлімінің басшысы Светлана Вольф пен бірқатар жалған кәсіпорындар басшыларынан құралған қылмыстық топ мүшелері сотталды

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта судья Кеңшілік Әбелдиновтың төрағалығымен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Сот дәлелдегендей, мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Светлана Вольф пара алып, бірқатар жалған кәсіпорындарға қолдау көрсетіп отырған.

"ҚР ҚК 262-бабы 3-бөлігі, 215-бабы 1-бөлігі, 366-бабы 3-бөлігі 3-пункті, 28-бабы 5-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін Светлана Вольф айыпты деп танылды. ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі негізінде ауыр емес жазаны ауыр жазаға алмастыру арқылы Вольф Светлана тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, мемлекеттік органдар және коммерциялық  ұйымдарда ұйымдастыру-басқару қызметтеріне қатысты басқарушы лауазымдарды иеленуіне өмір бойына тыйым салынады, мүлкі тәркіленеді. Жаза мерзімін жалпы тәртіпті түзету колониясында өтейді", — деп үкімді оқыды судья.

Істің басқа да айыпталушылары әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Басты тақырыптар