Қоғам

БЖЗҚ наурыздың соңында Ашық есік күнін өткізеді

Жазылу
Келушілер зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша жеке кеңес ала алады

АСТАНА, 18 нау — Sputnik. 2017 жылдың 31 наурызында, жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) 18 филиалында "Зейнетақы жүйесі қалай құрылды" тақырыбында Ашық есік күні өтеді. 

Зейнетақының мөлшері неге байланысты екендігі және зейнет 

жасына қалай лайықты қаржы жинау керектігі туралы толығырақ білуге, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша жеке кеңес алуға мүмкіндік болады.

"Ашық есік күні бағдарламасы өте қызықты өтетін болады. 

Келген қонақтарға "Зейнетақы жүйесі қалай құрылды" деген тақырыпта тұсаукесер ұсынылып, зейнетақы жүйесінің үш құрамдауышы туралы жан-жақты түсіндіріледі", — делінген қордың баспасөз хабарламасында. 

Филиалдарды мекенжайы:

1. Астана қ. филиалы: Астана қ., Бейбітшілік көш., 25;

2. Алматы қ. Филиалы, № 7 бөлімше: Алматы қ., Алмалы ауд., Шевченко көш., 153/1 (Әуезов көш. қиылысы);

3. Ақмола облыстық филиалы: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Горкий көш., 29 «Б»;

4. Ақтөбе облыстық филиалы: Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғ., 46;

5. Алматы облыстық филиалы: Алматы облысы, Талдықорған қ. Жансүгіров көш., 149;

6. Атырау облыстық филиалы: Атырау қ., Өтеміс ұлы Махамбета көш., 88;

7. Шығыс Қазақстан облыстық филиалы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Крылов көш., 70;

8. Жамбыл облыстық филиалы: Тараз қ., Койгельды көш., 214;

9. Батыс Қазақстан облыстық филиалы: Орал қ., Мұхит көш., 78;

10. Қарағанды облыстық филиалы: Қарағанды қ., Бұқар Жырау даңғ., 82;

11. Қостанай облыстық филиалы: Қостанай қ., Әл-Фараби көш.74;

12. Қызылорда облыстық филиалы: Қызылорда қ., Тәжібаев көш., 26;

13. Маңғыстау облыстық филиалы: Ақтау қ., 26-ықшамауд., 16 жер телімі;

14. Павлодар облыстық филиалы №2 бөлімше: Павлодар облысы, Павлодар қ. Исиналиев көш., 1;

15. Жезқазған қ. Өңірлік филиалы Жезқазған қ. ӨФ Операциялық бөлімінің бөлімшесі: Қарағанды облысы, Жезқазған қ., Алашахан даңғ., 19 «А»;

16. Семей қ. Өңірлік филиалы: Семей қ., Бәйсейітова көш., 29;

17. Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы: Петропавл қ., Букетов көш., 31 «А»;

18. Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы: Шымкент қ., Әл-Фараби ауд., Байдибек би көш., 45.


Жаңалықтар
0