Қоғам

Қазақстандықтар Наурыз мейрамын қалай тойлайды

© SputnikНаурыз
Наурыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, мереке кезінде Қазақстанда қандай оқиғалар мен шаралар өткеніне шолу жасады

АСТАНА, 22 наурыз — Sputnik. Қазақстандықтар мен бүкіл түркі әлемі ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлап жатыр.

Верховный муфтий Казахстана Ержан Кажы Малгажыулы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас мүфти: Наурыз - ұлттық құндылықтарымызды насихаттаудың тамаша мүмкіндігі

Наурыз 21-інен 22-сіне қараған түні, күн мен түн теңелген кезде келеді. Биыл Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар бес күн демалады.

Қазақстанның батысында бұл мерекені тойлауды 14 наурыздан бастайды, бұл еліміздің батыс өңірлерінде Көрісу күні деп аталады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Наурызды тойлауды бастап, Астанадағы этноауылда болды. 

Ал, дәмді Наурыз көженің жасалу әдісін білесіз бе? Әлі білмейтін болсаңыз, бейнематериалымызды тамашалап, үйреніп алсаңыз болады. 

Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде бұл күндері қазақы қонақжайлылық көрсетіліп, дәмді тағамдар молынан әзірленуде. Қалалықтарды дәммен сыйлау үшін тонналап Наурыз көже, центнерлеп бауырсақ пен палау пісіріліп жатыр.   

Жаңалықтар
0