Қоғам

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 26 сәуірде өтеді

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанҚазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан халқы Ассамблеясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сессия Бейбітшілік және келісім сарайында "Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім" күн тәртібімен өтеді

АСТАНА, 24 нау — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында "Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылсын", — делінген өкімнің мәтінінде. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.


Жаңалықтар
0