11:37 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Квартиры в Атлетической деревне в Алматы

Универсиада ауылындағы үйлер "Нұрлы жер" бойынша кезекте тұрғандарға берілді

© Photo : сайт акимата Алматы
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
76 0 0

Атлеттер ауылының аумағында 14 тұрғын үй мен бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар бар

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Қысқы Универсиада-2017 атлеттер ауылындағы пәтерлер "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандарға сатып алу құқығымен жалға берілді. 

"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы Қазақстан ипотекалық компаниясы желісі бойынша 2000-нан астам отбасы пәтерге ие болды. 

Көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары барлар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топ мүгедектері, оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары "Нұрлы жер" жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспана алуға кезекте тұрған еді.

  • Алматы қаласы Атлеттер ауылындағы пәтерлер
    Алматы қаласы Атлеттер ауылындағы пәтерлер
    © Photo : "АГТ-ҚАЗАҚСТАН"
  • Алматы қаласы Атлеттер ауылындағы пәтерлер
    Алматы қаласы Атлеттер ауылындағы пәтерлер
    © Photo : "АГТ-ҚАЗАҚСТАН"
  • Алматы қаласы Атлеттер ауылындағы пәтерлер
    Алматы қаласы Атлеттер ауылындағы пәтерлер
    © Photo : ТОО "АГТ-Казахстан"
1 / 3
© Photo : "АГТ-ҚАЗАҚСТАН"
Алматы қаласы Атлеттер ауылындағы пәтерлер

Атлеттер ауылының аумағы 23 гектардан асады, 14 тұрғын үй орналасқан. Олардың оны 8-9 қабатты, ал төрт үй – 14 қабатты.

Бұл жерде ХҚКО, емхана, супермаркет, банк пен пошта бөлімшесі, полиция пункті жұмыс істейтін болады. 7000 адамға арналған мешіт салу да жоспарда бар.

Загрузка...

Басты тақырып