Қоғам

Айлакер жігіт біреудің суретін иемденіп, фото байқауда жеңімпаз атанған

CC0 / / Фотограф
Фотограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді "Жолаушының үздік суреті" байқауының жеңімпазы жіберілген басқа суреттердің арасынан таңдалады

АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Азамат Ғалилұлы есімді жігіттің суреті жалған болып шыққандықтан, "ҚТЖ" шығармашылық байқауының нәтижелері жойылды деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" еншілес компаниясы Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бұдан бұрын баспасөз қызметі хабарлағандай, компания "Жолаушының үздік суреті" тақырыбындағы байқаудың қорытындысын шығарған болатын. Бұл байқаудың шарты бойынша қатысушылар пойызбен кетіп бара жатып, ерекше әдемі сурет түсіруі тиіс еді. Байқау комиссиясына қазақстандық пойыз жолаушыларының 100-ден астам шығармашылық жұмыстары жіберілді. Азамат Ғалиұлының "Жайлаудағы көктем" атты жұмысы екінші орын алып, автор iPhone 7 ұтқан болатын.

© Photo : "ҚТЖ" ресми сайтыЖолаушылардың үздік суреттері
Жолаушылардың үздік суреттері - Sputnik Қазақстан
Жолаушылардың үздік суреттері

"Жолаушылар тасымалы" хабарлағандай, Азамат Ғалиұлы басқа біреудің суретін иемденіп алыпты, сол себепті әділқазылар байқау қорытындысын өзгертуге шешім қабылады.

"Жуық арада бұдан бұрын жіберілген суреттер қаралып, екінші орынға лайықты жұмыс таңдалады", — деді баспасөз қызметінде. 

Жаңалықтар
0