06:52 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
бәйшешек

Біресе суық, біресе ыстық: синоптиктер сәуір айына ауа райы болжамын жасады

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

Синоптиктер сәуір айының қазақстандықтарды жылы ауа райымен қашан қуантатыны туралы айтып берді

АСТАНА, 1 сәу — Sputnik. Синоптиктер сәуір айына арналған консультациялық ауа-райы болжамын ұсынады. 

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, сәуір айы суық желді ауа-райымен басталады, еліміздің көптеген бөліктерінде жауын-шашынды және көктайғақ болады, оңтүстікте және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашынды. 

Ауа температурасы батыста түнде 2…10 градусқа дейін аяз, күндіз 0…8 жылы; еліміздің солтүстік, шығыс және орталықтарда түнде 5…15 градусқа дейін аяз, күндіз 0…8 градусқа дейін аяз; оңтүстік және оңтүстік-шығыста 0… 5 жылы, күндіз 5… 13 жылы болжанады.

Содан кейін, Қазақстанның барлық аумақтарында бірінші онкүндіктің соңына қарай Орталық Азия аумақтарынан жылы ауа массаларының енуімен елімізде жылы, оңтүстікте тіпті ыстық ауа-райы күтіледі.

Термометр көрсеткіштері күндіз: солтүстік жартысында 8… 15 градусқа дейін жоғарылайды; оңтүстік жартысында 18… 25 градусқа дейін жылы болады.

Кезекті суық толқыны қар аралас жаңбырмен солтістік өңірлерде, жаңбыр түрінде еліміздің оңтүстік бөлігінде батыста екінші онкүндіктің басында, солтүстік және орталықта екінші онкүндіңтің ортасында, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында және шығыста онкүндіктің соңында күтіледі. 

Бұл кезде ауа температурасы: еліміздің солтүстік жартысында түнде 2 аяз…3 жылыға, күндіз 3…8 жылыға дейін; оңтүстік жартысында түнде 3…10 жылыға, күндіз 10…15 жылыға дейін төмендейді.

Алдын ала болжамға сәйкес, сәуір айының үшінші онкүндігінде жылы және жаңбырлы күндер басым болады: Ауаның температурасы: солтүстік жартысында түнде 5… 10 жылыға, күндіз 10… 15 жылыға; оңтүстік жартысында түнде 10… 15 жылыға, күндіз 15… 20 жылыға дейін жоғарылайды.

Осылайша ауаның орташа айлық температурасы Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, Қостанай облысының батыс бөлігінде қалыпты нормадан 1°C төмен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облысында ауаның орташа айлық температурасы қалыпты мқлшерден 1°С жоғары, қалған аймақтарда қалыпты норма төңірегінде болжанады.

Ал жауын-шашынның мөлшері Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облысының кей жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау бөктерлі аймақтарда қалыпты нормадан жоғары, қалған аймақтарда қалыпты норма төңірегінде күтіледі.


Загрузка...

Басты тақырып