10:32 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Бақытбек Есентаев пен қызы Айсәуле

Жоғары сот Бақытбек Есентаевтың үкімін қайта қарамайтын болды

© Sputnik / Юлия Кузнецова
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
24 0 0

Қазақстанның Жоғары соты Бақытбек Есентаевтың үкімін қайта қарауға еш негіз жоқ деп санайды

АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Жоғарғы сот бұрынғы әйеліне қастандық жасағаны үшін сотталған Бақытбек Есентаевтың үкімін қайта қарамайтын болды деп хабарлады Жоғарғы сот Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бұдан бұрын хабарлағандай, танымал продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа шығарылған үкімді қайта қарау туралы Жоғары сотқа өтініш берген болатын. 

"Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот коллегиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қаулысы бойынша, сотталған Бақытбек Есентаевтың мүддесін қорғаушы адвокат, жәбірленуші Б. Есентаева мен оның адвокатының өтінішін ешқандай негіздеме болмағандықтан кассациялық инстанция сот отырысында қаралмайды", — делінген Жоғары соттың Sputnik Қазақстан тілшісінің сауалына берген жауабында.  

Басты тақырыптар