10:29 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Су тасқыны

СҚО мен Қостанай облыстарын су басу қаупі зор

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Су тасқыны (30)
29 0 0

Республика бойынша 10 елді мекенде 40 тұрғын үйді су басты

АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Бүгінде СҚО мен Қостанай облыстарын су басу қаупі зор, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

"Соңғы күндері қар еріп, жаңбыр жауып, Қарағанды облысында жағдай қиындады. Барлығы жеті елді мекенде 33 тұрғын үйді су басты. 397 адам көшірілді. Бүгінде барлық үйлерден су ағызылды. 361 адам үйлеріне қайтып келді", — деп баяндады үкімет отырысында Қасымов.

Барлығы осы күндері республика бойынша он елді мекенде қырық тұрғын үйді су басқан.

"Жалпы алғанда ел бойынша 46 жер учаскесі судың астында қалды. Қазіргі уақытта үш темір жол учаскесі қалпына келтіріліп, пойыздар жүріп жатыр. Автомобиль жолдарындағы қозғалыс та қалпына келтірілді", — деді ол. 

Оның атап өтуінше, бүгінде Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарындағы жағдай алаңдаушылық тудырады.

"Қазгидромет болжамы бойынша бұл өңірлерді су басу қаупі зор. Осыған орай барлық күштерді осы өңірлерге тартып жатырмыз. Өкінішке қарай, адам құрбаны болды. Осыған байланысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", — деді министр. 

Тақырып:
Су тасқыны (30)

Басты тақырыптар