Қоғам

Петербург метросындағы жарылыста зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ

© Sputnik / Виктория Виатрис / Медиабанкке өтуСанкт-Петербург метросындағы жарылыс
Санкт-Петербург метросындағы жарылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан СІМ мәлімдегендей, Қазақстан азаматтары Санкт-Петербург метросында болған теракт салдарынан зардап шекпеген

АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Санкт-Петербург метросында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов. 

Санкт-Петербург метросындағы жарылыс - Sputnik Қазақстан
Санкт-Петербургте жарылыс жасаған жанкешті лаңкес Қырғызстан тумасы болуы мүмкін

Бұдан бұрын Жайнақов Астана уақыты бойынша 05:30-дағы жағдайға сәйкес жарылыс құрбандарының арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін мәлімдеген болатын. 

"Кім екені анықталған мәйіттердің арасынан Қазақстан азаматтарының денесі табылмады. Ал зардап шегушілердің арасында қазақстандықтар бар деген дәйекті ақпарат әлі шыққан жоқ", — деді Әнуар Жайнақов дүйсенбі күні тілшілерге. 

Жаңалықтар
0