Қоғам

ҰҚК: Қазақстан азаматы Арышев Петербургтегі терактінің құрбаны болуы мүмкін

© Sputnik / Александр Тарасенков / Медиабанкке өтуВзрыв в метро в Санкт-Петербурге
Взрыв в метро в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БАҚ-та қазақстандық Арышевтің Петербургтегі терактіге қатысы бар деген ақпарат жарияланды

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, Санкт-Петербургтегі терактіге қатысы бар болуы мүмкін деген Қазақстан азаматы, шын мәнінде, лаңкестік актінің құрбаны болуы ықтимал деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков. 

Санкт-Петербургтегі жарылыс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Санкт-Петербургтегі терактіні тергеуге қатысуда

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Петербургтегі терактіні 21 жастағы Қазақстан азаматы, Санкт-Петербург экономикалық университетінің үшіншін курс студенті Максим Арышев орындауы  мүмкін деген ақпарат тарады. Кейін бұл мәліметті Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жоққа шығарған болатын. Максимнің туыстарының хабарлауынша, ол соңғы рет байланысқа үшінші сәуірде сағат 14:30-да шығып, "Сенная площадь" станциясынан технологиялық институт арқылы үйге келе жатқанын айтқан. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарында терактіге Қазақстан азаматы Максим Арышевтің қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін айтқым келеді. Ол комитеттің бақылауына бұған дейін болған жоқ, тіркеуге алынбаған және Ресейдің арнайы қызметтері оны терактінің орындаушысы ретінде қарастырып отырған жоқ. Соған қарағанда Арышев терактінің құрбаны болған сияқты", — деп мәлім етті Білісбеков үкімет отырысында. 

Санкт-Петербург метросында үшінші сәуір күні кешке жарылыс болды. Оның салдарынан 11 адам мерт болып,  51 адам ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0